Есіл ауданының елді мекендерінде салық салу объектіcінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қарашадағы № а-11/253 Қаулысы
Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № а-11/255 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Есіл ауданының елді мекендерінде салық салу объектіcінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының 1, 2 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е. Баяхметов |
Есіл ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 26 қарашадағы
№ а-11/253 қаулысына
1 қосымша
Есіл ауданының Есіл қаласында салық салу объектіcінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу
коэффициенттері
| № | Есіл ауданының Есіл қаласында салық салу объектісінің орналасуы | Аймаққа бөлу коэффициенттері |
| 1 | Жастар шағын ауданы Батыс шағын ауданы Тың игерушілер көшесі Қайым Мұхамедханов көшесі Баубек Бұлқышев көшесі Хамит Ерғалиев көшесі Шоқан Уәлиханов көшесі Кәукен Кенжетаев көшесі Оңтүстік көшесі Чапаев көшесі Жібек жолы көшесі Ақжол көшесі Алматы көшесі Есіл көшесі Еңбекшілер көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесі Бейбітшілік шағын ауданы Промзона көшесі Элеваторная көшесі Бірлік көшесі Ақан сері көшесі Өндіріс даңғылы Мәншүк Мәметова көшесі 432 км көшесі Ұлы дала көшесі | 1,85 |