«Есіл ауданының елді мекендерінде салық салу объектіcінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № а-11/255 Қаулысы (күші жойылды)

Есіл ауданының елді мекендерінде салық салу объектіcінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № а-11/255 Қаулысы

 

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № А-11/208 Қаулысымен 2026 ж. 1 қаңтарынан бастап күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Есіл ауданының елді мекендерінде салық салу объектіcінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2. «Есіл ауданының елді мекендерінде салық салу объектіcінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қарашадағы № а-11/253 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25465 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Есіл ауданының әкімі

С. Балжанов

 

Есіл ауданы әкімдігінің

2023 жылғы 22 қарашадағы

№ а-11/255 қаулысына

1-қосымша

 

 

Есіл ауданының Есіл қаласында салық салу объектіcінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

 

Есіл ауданының Есіл қаласында салық салу объектісінің орналасуы

Аймаққа бөлу коэффициенттері

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.