Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығы
(2017.28.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 ж. 8 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.28.07. № 318 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы А.Қ. Евниевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.