«Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 325 бұйрығы (2025.25.07. берілген өзгерістермен)

Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 325 бұйрығы

(2025.25.07. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.03.07. № 243 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 25 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16- бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрінің

2022 жылғы 8 маусымдағы

№ 325 бұйрыққа

қосымша

 

 

Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу,

сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.