Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығы
(2024.16.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 5 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде тізілімді Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Төраға | М. Омаров |
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының м.а. 2023.24.05. № 125/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.19.06. № 158/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасының 2023.02.11. № 267/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023.11.12. № 305/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.16.01. № 24/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара) тізімі өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі төрағасының
2022 жылғы 11 қазандағы
№ 273/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің
мемлекеттік тізілімі
1. Мемлекеттік монополия субъектілері
| Р/с № | Мемлекеттік монополия субъектісінің атауы | Заңды мекен-жайы | Мемлекеттік монополияға жататын қызмет түрлері | Негіз |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |