(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІН ...

Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 153 Қаулысы

(2026.03.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2026 ж. 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелері осы қаулының 1-23 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшаларында көрсетілген мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аумақтық әділет органдарында мемлекеттік мекемелердің ережелерін мемлекеттік қайта тіркеуден өткізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы С. Түкібаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімінің м.а.

Ә. Қанағатов

 

Жетісу облысы әкімдігінің

2025 жылғы 16 мамырдағы

№ 153 қаулысына 1-қосымша

 

 

«Жетісу облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Жетісу облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -Аппарат) Жетісу облысы әкімі қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру - құқықтық тұрғыдан сүйемелдеуді және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Аппараттың ведомстволары жоқ.

3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.