(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫ СТИПЕНДИАТЫНЫҢ МӘР...

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы 26 мамырдағы

№ 222 бұйрығына 2-қосымша

 

Осы редакция 2023 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру»

мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.

2. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

3. «Болашақ» халықаралық стипендиясын анықтама беру үшін стипендиаты, түлегі мәртебесі туралы жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы «электрондық цифрлық қолтаңба» өтінімін береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларының қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі - стандарт) келтірілген.

4. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметке сұрау салудың қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу, күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.