«Зерттеу өрт сынақ зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 510 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 32 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Зерттеу өрт сынақ зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 510 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) № 15540) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 - бабы 1-тармағының 70-33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген зерттеу өрт сынақ зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қағидалар (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық бөлімшелерінің зерттеу сынау өртке қарсы зертханалары (бұдан әрі – ЗСӨҚЗ) қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өрт туындамаған қатты отынмен пешті жағу кезінде өрт қауіпсіздігі бұзушылықтарымен улы газбен улану кезінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттану жағдайларының себеп-салдарлық байланысын белгілеу;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. ЗӨСЗ үй-жайлары МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес орналастырылады.
Зертханаларға арналған жекелеген үй-жайлар зерттеулер мен сынақтар жүргізу үшін есепке алуды қалыптастыру және жүргізу, нақты қажеттілікке сәйкес қосалқы жұмыстарды жүргізу үшін бөлінеді.
Үй-жайларда:
энергиямен жабдықтау (айнымалы және тұрақты ток) көзделеді;
суық және ыстық су;
электромагниттік өрістерден, тербелістерден, шудан қорғау;
жерге тұйықтау;
жалпы ағынды-сорғылы және жергілікті желдету.