«Зерттеу сынау өртке қарсы зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 510 бұйрығы (2025.22.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Зерттеу сынау өртке қарсы зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 510 бұйрығы

(2025.22.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2023.20.01. № 32 бұйрығымен (2023 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.29.07. № 297 бұйрығымен (2025 ж. 22 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 - бабы 1-тармағының 71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Зерттеу сынау өртке қарсы зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне (Беккер В.Р.) жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.