«Арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімін берушіні айқындау, сондай-ақ одан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 815 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 наурыздағы № 121 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімін берушіні айқындау, сондай-ақ одан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 815 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын, арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 5 наурыздағы
№ 121 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 3 қазандағы
№ 815 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын, арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімінің
тізбесі
1. Әскери билеттің бланкісі.
2. Әскери талаптардың (әскери тасымалдау құжаттарының) бланкілері.
3. Білім алуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтаманың бланкісі.
4. Бағалы қағаздардың бланкілері.
5. Вексельдердің бланкілері.
6. Визалық жапсырманың бланкісі.
7. Философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін дипломның бланкісі.
8. «Қауымдастырылған профессор» (доцент) ғылыми атағы берілетін аттестаттың бланкісі.
9. «Магистр» дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломның бланкісі.
10. Бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін дипломның бланкісі.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.