Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 409 бұйрығы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және
жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және
табиғи ресурстар министрлігі
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 31 қазандағы
№ 409 бұйрығымен
бекітілген
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға биологиялық негіздемені дайындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға биологиялық негіздемені (бұдан әрі - биологиялық негіздеме) дайындау тәртібін айқындайды.