«Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 84 бұйрығы
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 29 бұйрығымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкіметтің» акпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру кағидалары бекітілсін.
2. «Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру мен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 180 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7675 болып тіркелді, 2012 жылы 25 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 551-556 (27629) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазакстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;