Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 613 бұйрығы
(2019.30.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 31 бұйрығымен күші жойылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Мыналардың:
1) «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 784 бұйрығының;
2) «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 784 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 желтоқсандағы № 900 бұйрығының күші жойылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.