«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 174 өкіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 23 маусымдағы № 225 Өкімі
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 174 өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
| Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 23 маусымдағы
№ 225 өкіміне
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 1 қазандағы
№ 174 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Шетелдік инвесторлар кеңесінің
ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ
Қазақстан тарапынан Кеңес мүшелері:
| Бектенов Олжас Абайұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
| Сүлейменов Тимур Мұратұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
| Скляр Роман Васильевич | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары |
| Нұртілеу Мұрат Әбуғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі |
| Жұманғарин Серік Мақашұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі |
| Қойшыбаев Ғалымжан Тельманұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Үкімет Аппаратының Басшысы |
| Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
| Көшербаев Ермек Беделбайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
| Шарлапаев Қанат Бисимбайұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі |
| Такиев Мәди Төкешұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |