Дербес деректерді аса маңызды цифрлық объектілерден цифрлық жеткізгіштерге көшіру (жүктеп алу) қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 13 қазандағы № 613/НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 23-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Коса беріліп отырған Дербес деректерді аса маңызды цифрлық объектілерден цифрлық жеткізгіштерге көшіру (жүктеп алу) қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мадиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Премьер-Министрінің
орынбасары - Жасанды
интеллект және цифрлық
даму министрі
2026 жылғы 13 қазандағы
№ 613/НҚ бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Жасанды интеллект
және цифрлық
даму министрінің
бұйрығымен бекітілген
Дербес деректерді аса маңызды цифрлық объектілерден цифрлық жеткізгіштерге көшіру (жүктеп алу)
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер