Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2021 жылғы 30 наурыздағы № 11-1-4/112 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Адам ресурстары департаменті:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсына орналастыруын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.