(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫН ГАЗДАНДЫРУДЫҢ 2023 – 2030 Ж...

Қазақстан Республикасын газдандырудың 2023 - 2030 жылдарға арналған бас схемасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 350 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 16-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасын газдандырудың 2023 - 2030 жылдарға арналған бас схемасы бекітілсін.

2. Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2023 жылғы 29 қыркүйектегі

№ 350 бұйрығымен бекітілді

 

 

Қазақстан Республикасын газдандырудың 2023 - 2030 жылдарға арналған

 бас схемасы

 

1-бөлiм. Кіріспе

 

1. Қазақстан Республикасын газдандырудың 2023 - 2030 жылдарға арналған бас схемасы (бұдан әрі - Бас схема) Қазақстан Республикасының газға деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету басымдығының стратегиялық бағыттарын көздейтін кешенді құжат болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.