«Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 473 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 848 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 473 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 848 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 473 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидаларында:

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Қазынашылық міндеттемелермен операциялар бойынша салық салу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің иелеріне Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, орта мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға жол беріледі. Бұл ретте инвестор орта мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияны орталық депозитарий депоненті арқылы ресімдейді.»;

41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«41. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купон сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 (отыз) күн/есеп айырысу жылында 360 (үш жүз алпыс) күн.»;

44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.