(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДОПИНГКЕ ҚАРСЫ ҚАҒИДАЛАРЫ...

Қазақстан Республикасының Допингке қарсы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 18 бұйрығы

 

Осы редакция 2020 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 7 бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының Допингке қарсы қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.К. Есентаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2014 жылғы 19 қыркүйектегі

№ 18 бұйрығымен

бекітілді

 

 

Қазақстан Республикасының Допингке қарсы

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Допингке қарсы қағидалары (бұдан әрі - Қағида) спортта допингті қолданудың алдын алу тәртібін және онымен күресті айқындайды.

2. Осы қағидада келесі ұғымдар қолданылады:

1) жарыс кезеңі - спортшының және (немесе) жануардың нақты спорттық жарыстарға қатысу кезеңі;

2) жарыстан тыс кезең - жарыстық кезеңге енгізілмеген кезең.

3. Спорт федерациялары осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес допингті қолдануға қарсы іс-әрекет жасайды.

4. Допингті қолдануға қарсы іс-қимылға мынадай допингке қарсы іс-шаралар кешені кіреді:

1) допинг-бақылауды жүргізу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.