«Аукциондық бағаларды индекстеу тәртібін қамтитын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 134 Қаулысы (күші жойылды)

Аукциондық бағаларды индекстеу тәртібін қамтитын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 134 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 988 Қаулысымен күшi жойылды

 

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 16-бабының 4-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Аукциондық бағаларды индекстеу тәртібін қамтитын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 12 наурыздағы

№ 134 қаулысымен

бекітілген

 

 

Аукциондық бағаларды индекстеу тәртібін қамтитын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Аукциондық бағаларды индекстеу тәртібін қамтитын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 16-бабының 4-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және аукциондық бағаларды индекстеу тәртібін қамтитын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.