«Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 707 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 505 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 707 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32911 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидаларында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) күту аймағы - өткізу пунктіне тікелей жақын жерде орналасқан, өткізу пунктінің тәуліктік өткізу қабілеті негізінде анықталатын сыйымдылығы бар және ЭКЖ-да тіркелген көлік құралдарын орналастыруға арналған арнайы жабдықталған алаң, ол Қазақстан Республикасының жер қатынастары, мемлекеттік сатып алулар немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органмен ұйымдастырылады;»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) қайталама брондау - бұрын брондалған кезектің күшін жою, ауыстыру немесе жою нәтижесінде босап қалған өткізу пунктіне келу және кіру күні мен уақытын жеке немесе заңды тұлға мен оның көлік құралына ЭКЖ арқылы бекіту процесі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың мынадай санаттарына қатысты: