(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) «КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІН ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ П...

Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1091 Қаулысы

 

Осы редакция 2016 жылғы 11 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 84-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 511 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж. № 34, 325-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 1091 қаулысымен бекітілген

 

 

Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану

 қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 84-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) - заңды тұлға және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

2) тізілім - кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі - бұл кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер базасы;

3) жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) - жеке тұлғалар, оның ішінде қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.