«Мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамдарының сүйемелдеуімен автомобиль көлік құралын басқаратын адам жүзеге асыратын автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізу және ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды сақтау орнына тасу (тасымалдау) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 630 бұйрығы

Мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамдарының сүйемелдеуімен автомобиль көлік құралын басқаратын адам жүзеге асыратын автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізу және ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды сақтау орнына тасу (тасымалдау) қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 630 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 18-1-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамдарының сүйемелдеуімен автомобиль көлік құралын басқаратын адам жүзеге асыратын автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізу және ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды сақтау орнына тасу (тасымалдау) қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жариялануынан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

2025 жылғы 28 қазандағы

№ 630 бұйрықпен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.