«Қазақстан Республикасының су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін қолдану жөніндегі әдістемелік нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 14 қарашадағы № 275-Ө бұйрығы

Қазақстан Республикасының су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін қолдану жөніндегі әдістемелік нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 14 қарашадағы № 275-Ө бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Экология кодексі 166-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін қолдану жөніндегі Әдістемелік нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы бұйрық мемлекеттік бақылау желісінің қызметін ұйымдастыру мақсатында «Қазгидромет» РМК-ға қолданылады.

3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті осы бұйрықтың көшірмесін 2024 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі мерзімде «Қазгидромет» РМК-ға жіберсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи

ресурстар министрінің

2024 жылғы 14 қарашадағы

№ 275 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін қолдану жөніндегі

әдістемелік нұсқаулық

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесі» (бұдан әрі-Бірыңғай жіктеу) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 151 бұйрығымен бекітілген, оған 2024 жылғы 20 наурыздағы № 70 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.

2. Бірыңғай жіктеу, құрамында оттегі режимінің көрсеткіштері, органолептикалық параметрлер, минерализация мәндері, биогендік заттар, металдар, органикалық және улы заттар, пестицидтер, гидробиологиялық, токсикологиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бар су объектісінің экологиялық әлеуетін интегралды бағалауға негізделген.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.