«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 19 қазандағы № 581 бұйрығы

 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 19 қазандағы № 581 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы»;

көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары»;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-13) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Қағидалар білім алушылар үшін жатақханаларда тұруға орын бөлудің негізділігі мен кезектілігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - ұйым) меншік құқығында тиесілі немесе өзге заңдық негізде ұйымдардың иелігінде тұрған жатақханаларындағы орындарды бөлу тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.