Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 204 Қаулысы
(2017.21.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 7 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін:
1) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017.21.04. № 108 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»;
4) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;
5) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»;
6) «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»;
7) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;
9) «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»;
10) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»;
11) «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;