Мемлекеттік кірістер органдарының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен салықтық және кедендік көшпелі тексерулер нысанында салықтық және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 41 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 69 бірлескен бұйрығы
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мемлекеттік кірістер органдарының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен салықтық және кедендік көшпелі тексерулер нысанында салықтық және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.