Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы
(2016.31.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 4 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2016 жылғы шілденің 4-і.
№ 295
ҚР Президентінің 2016.31.10. № 366 Жарлығымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің
2016 жылғы 4 шілдедегі
№295 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың
тізбесі
| Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдары | Бағалауды жүргізетін уәкілетті адам |
| Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы және мүшелері | жұмысы бағаланбайды |
| Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, Төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері | жұмысы бағаланбайды |
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Қазақстан Республикасының Президенті |
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы | Қазақстан Республикасының Президенті |
| Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы | Қазақстан Республикасының Президенті |
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы | Қазақстан Республикасының Президенті |
| Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы | Қазақстан Республикасының Президенті |
| Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Кеңесінің Төрағасы | Қазақстан Республикасының Президенті |