«Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 172 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 264 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 172 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20673 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі қаржылық қолдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
реттеу және дамыту агенттігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 264 бұйрығына
қосымша
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 ж. 19 мамырдағы
№ 172 бұйрығымен