Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығы
(2024.21.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 14 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2015.20.11. № 577 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 116-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын:
ҚР Қаржы министрінің 2015.20.11. № 577 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О.Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.