Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 206 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2017 жылғы 17 сәуірдегі
№ 206 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитетін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 шілдедегі № 854 қаулысы.