«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның 2022 - 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 шілдедегі № 516 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 2 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 8) тармақшасына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 21-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесі берілсін.
2. Қоса беріліп отырған «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 - 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Үкіметінің
2022 жылғы 25 шілдедегі
№ 516 қаулысымен
бекітілген
«ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2022 - 2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мазмұны
1-бөлім. Бағдарламаның паспорты
3-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
4-бөлім. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және оған қол жеткізу жолдары
5-бөлім. Бағдарламаны іске асырудың нысаналы индикаторлары
6-бөлім. Бағдарламаны іске асырудың күтілетін әсері мен нәтижелері
1-бөлім. Бағдарламаның паспорты
| Бағдарламаның атауы | «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» емес акционерлік қоғамының 2022 - 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы |