«Астананың бюджеті, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 5 қазандағы № 675 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Астананың бюджеті, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 198 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астананың бюджеті, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшада:
«Астананың бюджеті, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың бюджеті бойынша инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатын ұлғайту» 1.5-кестесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Астананың бюджеті, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың бюджеті бойынша қаржы қызметі бойынша ақша қаражатының азаюы» 1.16-кестесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;