Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 705 бұйрығы
(2017.21.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 343 бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Қаржы министрінің 2017.21.04. № 265 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларын, сондай-ақ уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9478 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 шілдеде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларында:
3, 4, 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу (бұдан әрі - Есепке алу) әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміндегі адамдарды әкімші кандидатурасын таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай есепке алу үшін енгізіледі.