Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығы
(2024.15.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20122 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 235-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
Е. Оспан |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 21 шілдедегі
№ 224 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің
үлгі штаттары
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024.29.05. № 127 бұйрығымен 1-тарау өзгертілді (2024 ж. 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
| Лауазымдардың атауы | Штат бірліктерінің саны (топтардың санына қарай) | ||||
| 1-3 | 4-5 | 6-7 | 8-9 | 10 және одан да көп | |
| Меңгеруші | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
| Педагог-психолог | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |