«Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 1375 бұйрығы

 «Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 1375 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16906 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 25 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген бағалаушылар палатасы мүшелері тізілімінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін жүргізу қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін жүргізу Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және бағалаушылар палатасы мүшелерінің және сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін жүргізу тәртібін белгілейді.

Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімін жүргізуді бағалаушылар палаталары электрондық нысанда жүзеге асырады және бағалаушылар палатасының интернет-ресурсында орналастырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.