Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің және жосықсыз бағалаушылардың тізілімдері нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығы
(2022.25.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2022.25.03. № 307 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің 2022.25.03. № 307 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2022.25.03. № 307 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бағалаушылар палатасы мүшелері тізілімінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес жосықсыз бағалаушылар тізілімінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сарапшылық кеңесі мүшелері тізілімінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңесі мүшелерінің және жосықсыз бағалаушылар тізілімдерін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 109 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6168 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 сәуірде№ 61 (1683) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
2) «Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 110 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеутізілімінде № 6169 тіркелген, 2010 жылғы 29 сәуірде № 61 (1683) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.