Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығы
(2019.12.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 25 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімінің нысаны;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшаға сәйкес бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 109 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6168 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 сәуірде№ 61 (1683) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
2) «Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 110 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеутізілімінде № 6169 тіркелген, 2010 жылғы 29 сәуірде № 61 (1683) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;