«Ертерек ден қою шараларын және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 142 Қаулысы (күші жойылды)

Ертерек ден қою шараларын және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 142 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 69 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ертерек ден қою шараларын және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидалары бекітілсін.

2. «Банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларға ертерек ден қою шараларын және оларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 73 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7563 тіркелген, 2012 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінде № 383-388 (27462) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Н.А. Әбдірахманов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.