«Ақмола облысының Степногорск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 610 Қаулысы (күші жойылды)

Ақмола облысының Степногорск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 610 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 18 наурыздағы № 180 Қаулысымен күші жойылды

 

Ақмола облысының Степногорск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысының Степногорск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.

2. Орталық атқарушы органдар мен Ақмола облысының әкімдігі Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындылары бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 26 шілдедегі

№ 610 қаулысымен

бекітілген

 

 

 

Ақмола облысының Степногорск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың

 2023 - 2027 жылдарға арналған

 кешенді жоспары

 

Степногорск қаласы - Ақмола облысының индустриялық орталығы.

Қаланың әкімшілік бағынысында 1 ауылдық округ және 9 елді мекен бар - 4 кент, 5 ауыл. Степногорск қаласының және оған іргелес аумақтардың аумағы 290 мың гектардан асады, халық саны - 68,5 мың адам.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.