«Жеке сот орындаушыларының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының ақпаратты ұсыну нысаны мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 259 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1086 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке сот орындаушыларының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының ақпаратты ұсыну нысаны мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 259 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18999 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабы 2-тармағына, 162-бабы 2-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.