«Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 315 бұйрығы (күші жойылды)

«Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 315 бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 84 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10176 болып тiркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларында және олардың мазмұнына қойылатын талаптарда:

15-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) «Бюджеттік бағдарламаның түрі» деген жолда:

«мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты» деген жол бойынша бюджеттік бағдарламаның мынадай түрлерінің бірі көрсетіледі:

республикалық;

облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың;

аудандық (қалалық);

республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала бюджеттерінің құрамында бекітілетін қаладағы ауданның бюджеттік бағдарламалары;

аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.