«Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 21 қазандағы № 74 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16509 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың екінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2022 ж. 1 сәуірге дейін қолданылды
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
1-тармақтың үшінші абзацы 2022 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
Тізбе осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін қалыптастыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тiзбеден тауарларды алып тастау жөнiндегi ұсыныстарға мынадай мәлiметтер қоса беріледi:
1) алып тастау қажеттiгiнiң негiздемесi;
2) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның Тiзбеден алып тастауға ұсынылып отырған тауарға Қазақстан Республикасының жылдық қажеттiлiгi (нақты көлемi) туралы қорытындысы;