Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 692 бұйрығы
(2020.12.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 21 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсаннаң Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Бұйрығының күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 133 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9369 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 27 мамырдың жарияланған);
2) «Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 522 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12287 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қаранның жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.