«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 357 Жарлығы (2025.19.05. берілген өзгерістермен)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы

(2025.19.05. берілген өзгерістермен)

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы қазанның 10-ы.

 

                   № 357

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2016 жылғы 10 қазандағы

№ 357 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі мәселелері бойынша
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

 

1. «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:

«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы»;

мына:

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрі», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы» деген жолдар алып тасталсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.