«Құрылыс объектісін апатты және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп танудың қағидалары мен негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 310 бұйрығы (2026.07.11. берілген өзгерістермен)

Құрылыс объектісін апатты және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп танудың қағидалары мен негіздерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 310 бұйрығы

(2026.07.11. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 139-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Құрылыс объектісін апатты және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп танудың қағидалары мен негіздері бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Министр

Е. Нағаспаев

 

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

2026 жылғы 16 маусымдағы

№ 310 бұйрығымен бекітілген

 

 

Құрылыс объектісін апатты және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп танудың

қағидалары мен негіздері

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 139-бабына сәйкес құрылыс объектісін авариялық және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп танудың негіздерін, рәсімдерін және мерзімдерін қамтитын мынадай тәртіп белгіленеді:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.