ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 23, 95-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 және 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. 2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде
2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 11 906 910 617 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 5 560 089 549 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 976 507 201 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 2 512 099 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 5 367 801 768 мың теңге;
2) шығындар - 13 940 996 141 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 228 577 512 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 338 266 437 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 109 688 925 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 196 122 297 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 196 122 297 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - - 2 458 785 333 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 3,5 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -7 776 582 201 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 11,1 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 458 785 333 мың теңге.
2-бап. 2020 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 47 288 575 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін
8 302 057 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсімдері көзделсін.»;
2) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. 2020 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттердің түсімдері төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты 160 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.
Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттердің түсімдерін бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;
3) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. 2020 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт мөлшері 4 770 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.»;
4) 7-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«2020 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 17 641 теңге;
2) зейнетақының ең төмен мөлшері - 40 441 теңге;
3) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 778 теңге;
4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 32 668 теңге болып белгіленсін.»;
5) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат олардың мөлшерлерін:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 7 пайызға;
2020 жылғы 1 сәуірден бастап 5 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін.»;
6) 11-бапта:
бірінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы 1-1), 5-1), 6-1), 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) және 7-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялауға;»;
«5-1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға;»;
«6-1) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға;»;
«7-1) басым дақылдар өндіруді субсидиялауға;
7-2) тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялауға;
7-3) төтенше жағдай кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейтілген режимде қамтамасыз еткен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы төлеуге;
7-4) коронавируспен (COVІD-19) күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге;
7-5) COVІD-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қызмет атқарудың ерекше режимі кезеңіндегі жұмысы үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы төлеуге;»;
8) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 30-1), 30-2), 31-1), 33-1), 33-2), 33-3) және 34-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«30-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға мемлекеттік стипендия мөлшерін ұлғайтуға және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шығыстардың осы бағыт бойынша төленген сомаларын өтеуге;
30-2) жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;»;
«31-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;»;
«33-1) «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және кепілдендіруге;
33-2) шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық жүктемені төмендетуге байланысты шығасыларды өтеуге;
33-3) Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеуге;»;
«34-1) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға;»;
екінші бөліктегі «8),» деген цифр алып тасталсын;
7) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
«13-1-бап. Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасының іс-шараларын іске асыруға арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;
8) 15, 16, 17 және 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылға арналған резерві 316 100 323 мың теңге сомасында бекітілсін.
16-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2020 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 2 512 099 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 11 715 640 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
17-бап. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 42 965 019 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
18-бап. 2020 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшін 647 259 мың теңге көзделсін.»;
9) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған заңды тұлғаларға мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражат жөніндегі, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалардың тізбесі және берешек көлемдері жөніндегі талаптары тоқтатылады деп белгіленсін.»;
10) 21, 22 және 23-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. 2020 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 15 500 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
22-бап. 2020 жылға мемлекеттің кепілгерлік беру лимиті 442 276 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
23-бап. 2020 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті 2 344 382 123 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.»;
11) көрсетілген Заңға 1, 4 және 5-қосымшалар осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2-бап. Осы Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 3 қараша
№ 372-VІ ҚРЗ
«2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық
бюджет туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2020 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының
№ 372-VІ ҚРЗ Заңына
1-ҚОСЫМША
«2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық
бюджет туралы» 2019 жылғы 4 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының № 276-VІ ҚРЗ Заңына
1-ҚОСЫМША
2020 жылға арналған республикалық бюджет