«2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 276-VІ Заңы (2020.03.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

 ЗАҢЫ

 

2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

(2020.03.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заңды іске асыру туралы ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 Қаулысын қараңыз

 

2020.03.11. № 372-VI ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-бап. 2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде

2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 11 906 910 617 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 5 560 089 549 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 976 507 201 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 2 512 099 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 5 367 801 768 мың теңге;

2) шығындар - 13 940 996 141 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 228 577 512 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 338 266 437 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 109 688 925 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 196 122 297 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 196 122 297 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - - 2 458 785 333 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 3,5 пайызы;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -7 776 582 201 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 11,1 пайызы;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 458 785 333 мың теңге.

 

2020.03.11. № 372-VI ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-бап. 2020 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 47 288 575 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 8 302 057 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсімдері көзделсін.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2020 жылға арналған түсiмдердiң көлемдерi осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

 

4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есепке жатқызылатын болып белгiленсiн:

1) Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;

2) Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Әлеуметтiк салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсiп келген аударымдары.

Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады.

 

5-бап. 2020 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлар көлемі 420 081 203 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:

Атырау облысынан - 207 308 563 мың теңге;

Маңғыстау облысынан - 8 213 586 мың теңге;

Алматы қаласынан - 171 705 010 мың теңге;

Нұр-Сұлтан қаласынан - 32 854 044 мың теңге.

 

2020.03.11. № 372-VI ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1-бап. 2020 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттердің түсімдері төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты 160 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.

Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттердің түсімдерін бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

 

2020.03.11. № 372-VI ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-бап. 2020 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт мөлшері 4 770 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.

 

2020.03.11. № 372-VI ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7-бап. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшерi - 42 500 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 16 839 теңге;

3) зейнетақының ең төмен мөлшерi - 38 636 теңге;

4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш - 2 651 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы - 31 183 теңге болып белгiленсiн.

2020 жылғы 1 сәуірден бастап:

1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 17 641 теңге;

2) зейнетақының ең төмен мөлшері - 40 441 теңге;

3) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 778 теңге;

4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 32 668 теңге болып белгіленсін.

 

2020.03.11. № 372-VI ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат олардың мөлшерлерін:

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 7 пайызға;

2020 жылғы 1 сәуірден бастап 5 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін.

 

9-бап. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн.

 

10-бап. 2020 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және республикалық маңызы бар қала бюджетіне берiлетiн субвенциялар көлемдерi 2 104 432 069 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:

Ақмола облысына - 144 374 019 мың теңге;

Ақтөбе облысына - 108 477 102 мың теңге;

Алматы облысына - 200 784 429 мың теңге;

Шығыс Қазақстан облысына - 215 011 180 мың теңге;

Жамбыл облысына - 194 694 095 мың теңге;

Батыс Қазақстан облысына - 74 353 253 мың теңге;

Қарағанды облысына - 142 580 335 мың теңге;

Қызылорда облысына - 174 491 013 мың теңге;

Қостанай облысына - 140 029 261 мың теңге;

Павлодар облысына - 55 409 709 мың теңге;

Солтүстiк Қазақстан облысына - 142 628 787 мың теңге;

Түркістан облысына - 379 908 299 мың теңге;

Шымкент қаласына - 131 690 587 мың теңге.

 

2020.03.11. № 372-VI ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11-бап. 2020 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне:

1) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге;

1-1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялауға;

2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға;

3) ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға;

4) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялауға;

5) облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауға;

5-1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға;

6) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға;

6-1) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға;

7) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіруге шығындарын өтеуге;

7-1) басым дақылдар өндіруді субсидиялауға;

7-2) тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялауға;

7-3) төтенше жағдай кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейтілген режимде қамтамасыз еткен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы төлеуге;

7-4) коронавируспен (COVІD-19) күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге;

7-5) COVІD-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қызмет атқарудың ерекше режимі кезеңіндегі жұмысы үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы төлеуге;

8) 2020.03.11. № 372-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;

10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге;

11) үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;

12) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;

13) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге;

14) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға;

15) мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге;

16) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

17) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;

18) орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге;

19) мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

20) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;

21) «Жас маман» жобасы шеңберінде колледждер үшін жабдықтар сатып алуға;

22) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

23) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;

24) көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға;

25) медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын іс-шараларды өткізуіне;

26) жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;

27) қаржы лизингі шарттарымен сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеуге;

28) вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға;

29) саламатты өмір салтын насихаттауға;

30) ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға;

30-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға мемлекеттік стипендия мөлшерін ұлғайтуға және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шығыстардың осы бағыт бойынша төленген сомаларын өтеуге;

30-2) жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

31) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге;

31-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

32) «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елдi мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;

33) «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге;

33-1) «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және кепілдендіруге;

33-2) шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық жүктемені төмендетуге байланысты шығасыларды өтеуге;

33-3) Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеуге;

34) көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;

34-1) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға;

35) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және (немесе) аз қамтылған көпбалалы отбасыларға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға;

36) жұмыс істейтін жастарға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің осы баптың бірінші бөлігінің 5), 6), 7), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген 2020 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

 

12-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2020 жылға арналған кредиттер сомаларын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

 

13-бап. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға арналған қаражатты бөлу және (немесе) пайдаланудың тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.

 

2020.03.11. № 372-VI ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

13-1-бап. Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасының іс-шараларын іске асыруға арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

 

14-бап. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

 

2020.03.11. № 372-VI ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылға арналған резерві 316 100 323 мың теңге сомасында бекітілсін.

 

2020.03.11. № 372-VI ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2020 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 2 512 099 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 11 715 640 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.

 

2020.03.11. № 372-VI ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-бап. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 42 965 019 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.

 

2020.03.11. № 372-VI ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18-бап. 2020 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшін 647 259 мың теңге көзделсін.

 

2020.03.11. № 372-VI ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

18-1-бап. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған заңды тұлғаларға мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражат жөніндегі, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалардың тізбесі және берешек көлемдері жөніндегі талаптары тоқтатылады деп белгіленсін.

 

19-бап. 2020 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiн беру лимитi 900 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

 

20-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепiлдiктер лимиті 2020 жылы қолданылмайды деп белгіленсін.

 

2020.03.11. № 372-VI ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21-бап. 2020 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 15 500 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

 

2020.03.11. № 372-VI ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22-бап. 2020 жылға мемлекеттің кепілгерлік беру лимиті 442 276 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

 

2020.03.11. № 372-VI ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

23-бап. 2020 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті 2 344 382 123 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

 

24-бап. 2020 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тiзбесi осы Заңға 5-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

2020 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде осы Заңға 6-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн.

 

25-бап. Осы Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Президенті

 

        Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 4 желтоқсан

             № 276-VІ

 

2020.03.11. № 372-VI ҚР Заңымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«2020 - 2022 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

2019 жылғы 4 желтоқсандағы

Қазақстан Республикасының

№ 276-VI Заңына

1-ҚОСЫМША

 

 

2020 жылға арналған республикалық бюджет