Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 736 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 540 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы 5) тармақшасының екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 6) тармақшасының үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, осы қаулыға қосымшаның 8-тармағын, 9-тармағының бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 13-тармағының бірінші, екінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.