Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру, жүргізу және үлгілік жобалар мен жобалау-сметалық құжаттаманы беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 238 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 68) тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру, жүргізу және үлгілік жобалар мен жобалау-сметалық құжаттаманы беру қағидалары;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
2026 жылғы 15 мамырдағы
№ 238 бұйрыққа 1-қосымша
Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру, жүргізу және үлгілік жобалар мен жобалау-сметалық құжаттаманы ұсыну
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру, жүргізу және үлгілік жобалар мен жобалау-сметалық құжаттаманы ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 24-бабы 68-тармағына сәйкес әзірленді.